$ 494.87  520.65  4.91

Кішкентай балаға күш көрсеткен ақтаулық тіс дәрігері қамауға алынды

Тіс дәрігері айыппұлмен құтыла алмайды. Өйткені жәбірленуші мүгедек бала.

Ақтауда кішкентай пациентке дөрекілік танытқан тіс дәрігері қамауға алынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Емдеу кезінде тіс дәрігері баланы жұлқылаған сәті видеоға түсіп қалған. Ол әлеуметтік желіде тарап, қоғамның наразылығын тудырды. Осы оқиғадан соң кішкентай баланың анасы полицияға арызданған болатын. Медициналық сараптама нәтижесінде баланың денсаулығына жеңіл жарақат келгенін анықталған. 5 қарашада дәрігерге бұлтартпау шарасы тағайындалды.

«Дәрігер өз кінәсін мойындады, біз оның әрекеттеріне қатысты ауырлататын және жеңілдететін жағдайларды ескердік. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-1 бабына сәйкес – үш тәулікке қамау шешімі шығарылды. Ол бостандығын шектемеуге және тек айыппұл салуды сұрады», – деді Ақтау қалалық әкімшілік сотының судьясы Алтай Қонысов.

Тіс дәрігері айыппұлмен құтыла алмайды. Өйткені жәбірленуші мүгедек бала.

Еске сала кетсек, оқиғадан соң облыстық стоматологиялық орталығында жұмыс істейтін тіс дәрігері қызметінен босатылған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#тіс дәрігері