$ 498.34  519.72  4.85

Алматы қаласында аудандық сот судьясы пара алғаны үшін сотталды 

Рақышовқа 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы Әбілқайыр мен сол соттың хатшысы Рақышовқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Әбілқайыр жер телімінің шекарасын анықтауға байланысты азаматтық іс бойынша оң шешім қабылдауы үшін делдал Рақышов арқылы алдын ала келісілген 10 мың АҚШ долларынан 3 мың АҚШ долларын пара ретінде алды деп күдіктелді.

Бұл факт сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесіп анықталды.

Осы жылдың 8 қарашасында Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотының үкімімен Әбілқайыр 45 459 600теңге көлеміндегі айыппұлға сотталды. Осы үкіммен Рақышовқа 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Аталған тұлғалар өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдар атқару құқығынан айырылды.

Дереккөз: BAQ.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары