$ 494.87  520.65  4.91

«Сотталушыға марихуана өткізген»: Қылмыстық-атқару жүйесінің шенділері парақорлықпен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің жеке қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, еліміздің бірқатар аймақтарында қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.
фото: kyzylorda-news.kz
фото: kyzylorda-news.kz

Қылмыстық-атқару жүйесінің (ҚАЖ) бірқатар қызметкерлері сыбайлас жемқорлық күдігіне ілікті, деп хабарлады kaztag.kz, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің жеке қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, еліміздің бірқатар аймақтарында сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасау күдіктері бойынша қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады», - делінген жұмадағы хабарда.

Сонымен, Ақмола облысында тергеу жолымен анықталған EЦ-166/18 мекемесі бастығының тәртіптік-жедел жұмыстар жөніндегі орынбасары, әділет майорының сотталған адамға қамқорлық және қолайлы жағдай жасау үшін азаматтан 400 мың теңге көлемінде пара алу фактісі (Qiwi электронды әмиянына аудару арқылы) тексерілуде.

Сонымен қатар, Қарағанды қаласында облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығымен бірге АК-159/1 мекемесінің бақылаушысы сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен әшкереленді. Ол 20 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы үшін сотталушыға марихуана және ұялы телефон өткізу арқылы өзінің қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп күдіктелуде.

«Күдіктілердің өз кінәсін мойындауына және келу туралы міндеттемесін беруіне байланысты оларға қатысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ», - делінген хабарда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары