$ 498.34  519.72  4.85

Қостанайда сот 722 мың жымқырған мәдениет үйінің басшысы мен есепшісіне үкім шығарды

Сотталушылар мемлекеттік мекемеде лауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды.

Қостанай облысындағы Е. Өмірзақов атындағы Таранов аудандық мәдениет үйінің басшысы бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Е. Өмірзақов атындағы Таранов аудандық мәдениет үйі" ММ-нің басшысы Жандыбаева мен сол мемлекеттік мекеменің бас есепшісі Мощенкоға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Олар 722 000 теңге сомасына костюмдерді тігу бойынша орындалған жұмыстардың жалған актісін әзірлеп, оған қол қою жолымен қызметтік жалғандық және бюджеттік қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді.

Ағымдағы жылдың 11 қарашасында Таранов аудандық сотының үкімімен Жандыбаева Б.К. кінәлі деп танылып, оған мүлкі тәркіленбестен 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды; Мощенко В.А. мүлкін тәркілеусіз 2 жыл 6 айға бас бостандығына шектеу қою жазасына кесілді.

Сотталушылар мемлекеттік мекемеде лауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары