$ 494.87  520.65  4.91

Жолаушыны зорлаған такси жүргізушісі қамауға алынды

Жәбірленуші полицияға жүгініп, сотқа дейінгі тергеу басталған еді. Алайда, күдікті қолхатпен босатылған.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Павлодарда жолаушыны зорлады деген күдікпен такси жүргізушісі қамауға алынды. Бұл туралы Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазан айында «Не молчи KZ» ұйымынының парақшасында осы жылдың 2 маусымында такси жүргізушісі жолаушыны зорлағаны туралы ақпарат жарияланған еді. 

«Үйге жетпес бұрын ол кенеттен тоқтап, тез артқы орындыққа отырып, барлық есіктерді құлыптап тастаған», - делінген хабарламада.

Жәбірленуші полицияға жүгініп, сотқа дейінгі тергеу басталған еді. Алайда, күдікті қолхатпен босатылған. 

Бүгін, 12 қарашада, ер адамның қамауға алынғандығы белгілі болды. Қазіргі уақытта «Зорлау» және «күш қолдану арқылы жасалған қарақшылық» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары