Заң 14.11.2019 сағат 16:17

Шымкент полицейлері «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясын өткізеді

Қабылдауға Әкімшілік полиция басқармасы, Көші-қон қызметі, Жол-техникалық инспекциясы, Азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімі, Криминалдық полиция басқармасы және Шымкент қ. ПД-нің басқа да бөліністерінің қызметкерлері қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарының сұрақтарына жауап береді.
Шымкент полицейлері «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясын өткізеді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 15-16 қараша күндері таңғы сағат 9:00-ден кешкі сағат 19:00-ге дейінгі уақытта «Жолдағы қабылдау» республикалық ациясы Шымкент қ. ПД-нің фронт-кеңселерінде және стационарлық полиция бекеттерінде өткізіледі, деп хабарлайды Sn.kz.

Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауатын және олардың жол қауіпсіздігі ережелерін сақтаудағы жауапкершілігін арттыру, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, қоғам мен билік арасындағы байланыс алаңын кеңейту, азаматтардың жеке түсініктері мен жауапкершіліктерін сезіндіру, жол апаты келеңсіздіктерін алдын алып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, миграциялық заңдылықты сақтау, азаматтардың полицияға деген сенімін арттыру.

Қабылдауға Әкімшілік полиция басқармасы, Көші-қон қызметі, Жол-техникалық инспекциясы, Азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімі, Криминалдық полиция басқармасы және Шымкент қ. ПД-нің басқа да бөліністерінің қызметкерлері қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарының сұрақтарына жауап береді.

«Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы өткізілетін орындар:

Жолдарда:
1) Шымкент қ. ПД Еңбекші АПБ-ның фронт-кеңсесінде (Шымкент қ. Елшібек батыр №110 А);
2) Шымкент қ. ПД Абай АПБ-ның фронт-кеңсесінде (Шымкент қ. Қалдаяқов көшесі №5);
Аулаларда:
«Обелиск» бекетінде (Төреқұлов — Рысқұлбеков көшелері қиылысында орналасқан);
«Жаңа шахар» бекетінде (Мангельдин — Темірлан тас жолы көшелері қиылысында орналасқан);
«Гагарин» бекетінде (Кремлевская — Гагарин көшелері қиылысында орналасқан);
«Асқаров» бекетінде (Асқаров көшесі бойындағы «Москва» түнгі клубының алдында орналасқан );
«Ынтымақ» бекетінде (Ахунбабаев көшесі бойындағы Ынтымақ» тойханасы алдында орналасқан);
«Бадам» бекетінде («Бадам» өзені маңында орналасқан);
«Көл» бекетінде (Ташенов көшесіндегі «Көл» аялдамасы маңында орналасқан);
«Гарант» бекетінде (Байтұрсынов — Тәуке хан көшелерінің қиылысында орналасқан);
«Имран» бекетінде (Тәуке хан — Қонаев гүлзары көшелерінің қиылысында);
«Орталық саябақ» бекетінде (Қазыбек би — Майлы қожа көшелерінің қиылысында);
«Тәуелсіздік» бекетінде (Тәуелсіздік саябағында орналасқан);
«Доня» бекетінде (Уәлиханов көшесі бойында орналасқан);
«Теріскей» бекетінде (Рысқұлов көшесі бойында орналасқан);
«Көктем» бекетінде (Жібек жолы көшесі бойында орналасқан );
«Евразия» бекетінде (Рысқұлов көшесі бойындағы «Евразия» базары маңында орналасқан).
Сонымен қатар, 8-72-52-30-10-30  нөмірі бойынша колл-орталық жұмыс атқарады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар