$ 494.87  520.65  4.91

АӘК төлеудің жаңа тәсілдері енгізіледі

2020 жылдан бастап халықты қолдаудың кешенді шаралары 3 бағытта жүргізіледі. Біріншісі – көпбалалы отбасыларды жеке санаттан шығару және оларға кепілдендірілген жәрдемақы төлеу. Бұл мемлекеттік жәрдемақы отбасының табысына тәуелді болмайды.
фото: ktk.kz
фото: ktk.kz

Сондықтан да келер жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмекті төлеудің жаңа тәсілдері енгізіледі, деп хабарлайды Sn.kz.

– 2020 жылдан бастап халықты қолдаудың кешенді шаралары 3 бағытта жүргізіледі. Біріншісі – көпбалалы отбасыларды жеке санаттан шығару және оларға кепілдендірілген жәрдемақы төлеу. Бұл мемлекеттік жәрдемақы отбасының табысына тәуелді болмайды. Барлық көп балалы (4 және одан көп) отбасыларға тағайындалмақ. Екіншісі – аз қамтылған санаттағы азаматтарды қолдау және оларды еңбекке баулу.

Жаңашылдыққа сәйкес, аз қамтылған отбасыларды анықтайтын ең төменгі күнкөріс шегінің 70 пайыздық өлшемшарты сол күйі қалады. Яғни, АӘК мөлшері бұрынғыдай жан басына шаққандағы орташа табыс пен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% арасындағы айырма ретінде төленеді. Бұл дегеніміз – шамамен жан басына 10054 теңге. Сондай-ақ, келер жылдан бастап АӘК 6 ай немесе 1 жылға емес, тоқсан сайын тағайындалатын болады. Үшіншісі – барлық АӘК алушы отбасы балаларына заттай қолдауды қамтитын кепілдендірілген пакет ұсыну, - дейді Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Жанат Өтебаева.

Айтуынша, бұл пакетке
— Мектеп жасына дейінгі балалар үшін: балаларға арналған тамақ, гигиеналық құралдар, білім беру қызметтері (323,4 мың балаға 5 302 теңгеден);

— Мектеп жасындағы балалар үшін – мектепте ыстық тамақ, мектеп құрал-жабдықтары мен киім-кешектері, жол ақысын өтеу (ыстық тамақ: күніне 300 теңгеден 480 мың балаға 6 628 теңге, жолақысы: 222 мың балаға 2 069 теңгеден, мектеп құрал-жабдықтары мен киім-кешектері: табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40% аспайтын 245 мың балаға 25 000 теңгеден).

Ал 1 жастан 6 жасқа дейінгі мектеп жасындағы балалар үшін кепілдендірілген әлеуметтік пакет аясында келесі тауарлар ұсынылмақ:

— гигиена құралдары, тоқсанына 1 рет 1774 теңгеге (балалар тіс пастасы, тіс щеткасы, балаларға арналған гипоаллергенді крем, сусабын, кір сабын және кір жуғыш зат);

— физиологиялық нормаларға сәйкес ғылыми-негізделген балалар үшін арналған азық-түлік жиынтығы кіреді. Бұған ай сайын 4710 теңге беріледі. Сонда барлық өнім мен гигиена құралдары ай сайын 5302 теңгеге тең болады.

– Сонымен бірге, біз кепілдендірілген пакетте медициналық көмек, оның ішінде стоматологиялық көмек көрсетуді тағайындамаймыз, өйткені 1 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға медициналық көмектің және жалпы медициналық сақтандырудың кепілдендірілген көлемі бойынша, барлық балаларға, олардың табысы аз немесе аз екендігіне қарамастан беріледі,-дейді басқарма басшысының орынбасары Жанна Өтебаева.

Жаңа енетін өзгеріске сәйкес, бала күтіміндегі әйелдер үшін баланың жасы төмендетіледі. Бұған дейін 7 жасқа дейін баласы бар әйелдерге жұмыс істемеуге рұқсат берілсе, енді перзенті 3 жасқа толған әйел еңбек етуі керек.

Отбасылардың, әсіресе аз қамтылған, көп балалы отбасылардың мемлекеттен қолдау тапқаны жақсы, әрине. Бірақ, алмақтың да, салмағы бар екенін ұмытпаған абзал.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары