Алматы қаласының Наурызбай ауданы сотында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді, деп хабарлайды Sn.kz.
Аталмыш іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілді. Іс-шараға Наурызбай аудандық сотының төрағасы Серікбай Төлепбергенов, Алматы қаласы Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Болат Жүкенов, мемлекеттік органдардың өкілдері, медиаторлар, нотариустар, сот мамандары қатысты. Шараны аудандық сот төрағасы С.Төлепбергенов ашты.
Өз сөзінде С.Төлепбергенов, сыбайлас жемқорлықпен күрестің маңыздылығын көрсетіп, сыбайлас жемқорлықтан туындауы мүмкін келеңсіз әлеуметтік салдарды ескеру керектігін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды орындау қажеттілігіне баса назар аударды.
Б.Жүкенов өз кезегінде, «Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін Республикамызда заңды деңгейде фундаменталды негіздер қаланғандығын, оның ішінде Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, «Қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Президент жарлығын орындау сыбайлас жемқорлықпен күресуде өз тиімділігін жоғары дейгейде көрсетіп жатқандығын атап өтті.
Дөңгелек үстелде қатысушылар кең ауқымды сұрақтарды талқылап қана қоймай, төраға қызметкерлер арасында еңбек тәртібін сақтауды, құқықбұзушылықтарға жол берме, жұмысты ұқыптылықпен атқару қажеттігін ескерді.
Сонымен қатар, қатысушылар мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері дөңгелек үстел тақырыбының аясында өз ойларымен бөлісті.