"Жер телімін алып беремін" деп, елден қомақты ақша алған алаяқ әйел қолға түсті. Полиция департаментінің сөзіне сенсек, ұсталған әйел осы уақытқа дейін 9 адамды алдап соққан. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.
"2014 жылы азамат Б. Н. деген азаматты бірнеше ай бойы жағалап, ақыры Түрксіб ауданындағы вокзал маңындағы кафелердің бірінде шетелдік валютада ірі сомадағы ақшасын иемденеді. Ол зардап шегушіге Қаскелеңнің әкімдігінде жұмыс істейтін дос қызы барын, ол белгілі бір сомаға Қаскелеңнен жақсы жер телімін алып бере алатынын айтқан.
Ауызша мәміледен соң жәбірленуші тарап күдікті Б.-ға бірнеше ай ішінде 12 800 долларды бөліп-бөліп береді. Бірақ, оның қолына сол күйіжер телімінің құжаты тимейді. Тергеу іс-шаралары кезінде Б. қылмыстық қудалаудан жасырынып, қашып жүрді.
Қазіргі уақытта Алматы қаласында оның осындай алаяқтық үш оқиғаға қатысы бары белгілі болды. Ал Алматы облысының аумағында 9 адамды да осылай алдаған" делінген Алматы қалалық ПД мәлімдемесінде.
Қазіргі уақытта күдікті ретінде ұсталған келіншек Алматы қаласында уақытша қамау изольяторында отыр. Оның әрекетіне байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізілуде.
Күдіктінің заңсыз әрекеттерінен тағы зардап шеккен адамдар болса, Түрксіб аудандық полиция бөлімінің төменде жазылған мына нөмірлеріне хабарласуға болады.
Телефон: 298-54-01, 298-54-02, 87012334790, 87780008617