$ 494.87  520.65  4.91

Жамбылдық майор алаяқтық әрекеті үшін қызметі мен әскери атағынан айрылды

Ол шекті жасына жетуіне байланысты әскери билет пен әскери есепте болу туралы анықтама беруге көмектескені үшін азаматтың қаражатын алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы иемденген.

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы алаяқтық үшін сотталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі шекті жасына жетуіне байланысты әскери билет пен әскери есепте болу туралы анықтама беруге көмектескені үшін азаматтың қаражатын алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы иемденгені үшін күдікті деп танылған Т.Рысқұлов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы, майор К. Д. Мингбаевқа қатысты тергеуді аяқтады» делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, биыл 20 желтоқсанда Шымкент гарнизоны әскери сотының үкімімен К.Д. Мингбаев алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 350 мың теңге көлемінде айыппұл салынды және мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығы мен майор әскери атағынан айыру жазасы тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары