$ 498.34  519.72  4.85

Қытайлықтармен төбелескен қызылағаштық 5 азаматқа сот үкімі шықты

Сот Берік Рысалдинов пен Сарқыт Салхановты 2 жыл 6 айға, ал Нұрбол Мұхаметалин, Бейбіт Мұхаметалин және Еркін Салхановтың бас бостандығын 2 жылға шектеу туралы үкім шығарған.

Бүгін, 25 желтоқсанда Алматы облысы Ақсу аудандық сотында «Қытай жұмысшыларымен төбелесті» деп айыпталған Қызылағаш ауылының бес тұрғынына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Qamshy.kz ақпаратына сүйене отырып.

Сот Берік Рысалдинов пен Сарқыт Салхановты 2 жыл 6 айға, ал Нұрбол Мұхаметалин, Бейбіт Мұхаметалин және Еркін Салхановтың бас бостандығын 2 жылға шектеу туралы үкім шығарған.

Кеше Қызылағаш ауылының бес тұрғынына қатысты сот отырысы бүгін сағат 15.00-де өтетіні хабарланған. Алайда, сот ресми мәлімдеместен 5 жігіттің сотын бүгін түске дейін өткізіп, оларды шартты мерзімге кесіп, бостандыққа шығарған.

Ақсу аудандық соты ғимаратының алдында бес жігіттің қолдаушылары соттың жабық жағдайда өткеніне, отырыс уақытының ауыстырылғанына, оны ешкімге хабарламағанына наразылықтарын білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары