$ 514.65  544.6  5.17

Жаңа жылдан бастап алматылық көліктердің қозғалысын 400 «Сергек» «аңдиды»

Сондықтан қала полициясы көлік жүргізушілерін жол ережесін қатаң сақтауға шақырып отыр.
фото: zakon.kz
фото: zakon.kz

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Алматыда бірден 400 «Сергек» бейнебақылау камерасы жұмыс істейді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Алматы қаласы ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бұл бағдарламалық кешен жол жүру ережесін бұзғандарды анықтайды. Әсіресе, жылдамдықты асыру, бағдаршамның қызыл түсіне өту, жол белгілері талаптарын орындамау, аялдама ережелері немесе тоқтау ережесін бұзу, сонымен қатар, қоғамдық көлік жолағына шығып кету сияқты ереже бұзылған жағдайды тіркейді» делінген хабарламада.

Жол-көлік ережелерін бақылау жаңа жылдан бастап іске қосылатындықтан, қала полициясы көлік жүргізушілерін жол ережесін қатаң сақтауға шақырып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары