$ 494.87  520.65  4.91

2020 жылға оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы белгіленді

Еске сала кетсек, 28 қазанда 2020 жылы оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдауға бөлінетін өңірлік квота көлемі белгілі болғаны хабарланған еді.

ҚР-да 2020 жылға оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы белгіленді, деп хабарлайды ҚазТАГ.

«Белгіленсін: 1) 2020 жылға оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы 1378 адам; 2) 2020 жылға қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы 4750 адам» делінген «Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2020 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы» ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы №967 қаулысында.

Еске сала кетсек, 28 қазанда 2020 жылы оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдауға бөлінетін өңірлік квота көлемі белгілі болғаны хабарланған еді.

Сол кезде 2020 жылы оралмандарды қабылдауға бөлінетін өңірлік квота көлемін Қазақстан үкіметі 1 378 адам, ал қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын 4 750 адам деп белгілеуді жоспарлаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#оралман