$ 494.87  520.65  4.91

Затобол кентінің атауы қазақшаланып, оған қала мәртебесі берілді

Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына қарасты Қостанай ауданының Затобол кентін аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызу және оны қайта атау туралы Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Қостанай облысы Қостанай ауданының Затобол кенті аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызылсын.

Затобол кенті Тобыл қаласы болып қайта аталсын.

Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі» делінген бұл №235 Жарлықта.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары