Түркияда отырған трансұлттық қылмыстық топ басшыларына Нұр-Сұлтаннан ақша аударып жүрген Әзірбайжан азаматы ұсталды, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.
Күдіктінің құрықталған видеосын Ұлттық қауіпсіздік комитеті жариялады. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық топ белсендісі қаңтардың 15 күні қолға түскен.
Нұр-Сұлтанда кәсіпкерлерден ақша бопсалап жүрген «С» есімді шетел азаматына қатысты «Трансұлттық қылмыстық топты қаржыландырды» деген айып тағылды.
Осыған ұқсас қылмыстық топ өткен жылы қыркүйектің 10 күні қолға түскен еді. Олар жергілікті кәсіпкердің бірін қорқытып, «Toyota» автокөлігін тартып алмақ болған кезде тұтылған.
Ұстау кезінде қылмыскелерден 11 оғы бар «Макаров» тапаншасы мен 5 оқты травматикалық қару тәркіленді.