Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері аса ірі мөлшерде героин өткізгені үшін заңсыз есірткі айналымы саласында бұрын сотты болған жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Sputnik, ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әйел оқшауланған өмір салтын ұстанып, героинді алдын ала келісу арқылы белгілі адамдарға өткізіп отырған. Ұстау операциясы барысында күдікті жасырынып, қашпақшы болыпты.
«Үйіне тінту жүргізу барысында шамамен 300 грамм героин табылды. Ол тергеу изоляторына қамалып, оған қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, иемдену, сақтау, тасымалдау немесе есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу» бойынша сотқа дейінгі өндіріс басталды» делінген хабарламада.
Осы бап бойынша мүлкін тәркілеу және 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Бүгінде аса ірі мөлшерде алынған бұл героин 3,5 миллион теңгеге бағаланып отыр.