$ 514.65  544.6  5.17

Алматыда 1,7 миллиард теңгені жымқырған ректордың ісі қаралып жатыр

Онымен бірге іс бойынша ЖОО бухгалтериясының басшысы Жанайым Спабековаға да айып тағылған.
фото: arnapress.kz
фото: arnapress.kz

Алматыда Халықаралық ақпараттар технологиялық университетінің ректоры Дамир Шыныбековке қатысты сот процесі жалғасуда, деп хабарлайды holanews.kz.

Айта кетсек, Дамир Шыныбеков 1,7 миллиард теңгені жымқырды деп айыпталуда. Онымен бірге іс бойынша ЖОО бухгалтериясының басшысы Жанайым Спабековаға да айып тағылған. Тергеудің пайымдауынша, бұл соманы күдіктілер бірнеше жыл бойы ұрлаған.

Кеше екінші отырыс өтуі керек болатын. Алайда, екінші күдікті сотқа келмеді. Анықталғандай, Жанайым Спабекова дене қызуы көтеріліп, ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы оның қорғаушысы айтты. Ал Шыныбековтің өзі сот залына келді. Алайда, отырыс әйелдің айығуына дейін кейінге қалдырылды.

Айыптау фактісі бойынша, олар ұрланған қаражатты әртүрлі кәсіпорындар арқылы жалған құжаттардың көмегімен шығарып отырған. Прокурор айыптау актісін оқып, өткен отырыста Спабекованың бірнеше элиталық пәтер мен үш үй, жер, автокөлік сатып алып, ЖШС ашқанын айтты.

Еске сала кетсек, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің бұрынғы ректоры Дамир Шыныбеков қаржыны иемдену немесе талан-таражға салу күдігі бойынша қамауға алынған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#сот #ректор