$ 494.87  520.65  4.91

Белсенді Дулат Ағаділдің өліміне қатысты тергеуді Бас прокуратураның өзі қолға алды

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованың айтуынша, іске азаматтық қоғамның қатысушылары жіберіледі. Олар қазірдің өзінде изолятордағы жазбаларды зерттеумен айналысуда.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінде белсенді Дулат Ағаділдің өліміне қатысты жедел брифинг ұйымдастырылды. Ол жерде тергеуді Бас прокуратураның өзі жүргізетіні белгілі болды. Ал марқұм азаматқа азаптау және зорлық-зомбылық іс-әрекеттері жасалды ма, әлде жоқ па, ол жағын сараптама анықтайтын болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

«Бас прокурор барлық жағдайларды зерттеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында азамат Д. Ағаділдің қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық істі қалалық прокуратураның арнайы прокурорлар басқармасына тапсырды», - деп мәлімделді ведомствода.

Брифингке қатысқан адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованың айтуынша, іске азаматтық қоғамның қатысушылары жіберіледі. Олар қазірдің өзінде изолятордағы жазбаларды зерттеумен айналысуда. Әзімованың өзі де изоляторда болып, белсенді азаматпен бірге бір камерада жатқан адамдармен сөйлескен.

Қоғам белсендісі Орынбасар Күлжібаева видеожазбаларды көруге рұқсат алып, ұсталған азаматтың изоляторға қалай жеткізілгенін бақылаған. Оның пайымынша, марқұм түрі бозарып, ауырып тұрған.

«Бейнебақылау камераларының жазбасын қарап жатқан кезде мен оны біреудің итеріп, азаптағанын байқамадым. Оны адам сияқты алып келген», - деді қоғам белсендісі.

Медициналық сараптамаға сәйкес, ұсталған сәтте Дулат Ағаділ орта деңгейде мас болған. Камералар оның бөлмеде еркін қозғалып жүре алғанын көрсетті. Дәретханаға барып келгеннен кейін өзін нашар сезіне бастаған оны сол жерден алып шығуға тура келген.

Ал жедел жәрдем 20 минуттан кейін келген. Алайда, медициналық қызметкерлер тек ер адамның көз жұмғанын анықтаған. Қоғам белсендісінің сөзінше, дәрігерлер келгенге дейін ұсталған азаматқа офицерлер алғашқы көмек көрсетпек болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары