$ 494.87  520.65  4.91

Ақтауда құны 50 млн теңге болатын героинді асқазанына жасырып өтпек болғандар ұсталды

Ұсталған адамдар тергеу изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Ақтау халықаралық әуежайында ірі мөлшерде героин тасымалдамақ болды деген күдікпен үш қазақстандық азамат ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде, ұсталғандардың ішкі құрылысынан құны 50 миллион теңге болатын, жалпы салмағы шамамен 1 келіні (5 000 біржолғы мөлшерлемеге бара-бар) құрайтын 302 героин капсуласы табылып, алынған.

ҰҚК хабарлауынша, олар героинді асқазаны арқылы тасымалдаған. Қазір осы факт бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі, 286-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы мен 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұсталған адамдар тергеу изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары