$ 494.87  520.65  4.91

Полицейлер көшеден Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 мас оқушысын ұстады

Ата-аналары шақыртылып, әкімшілік хаттамалар толтырылып, оқушылар есепке қойылды.

Ақтауда Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 мас оқушысын полицейлер есепке алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ІІМ ресми интернет-ресурсына сүйене отырып.

«Кәмелетке толмаған оқушылар түнде қыдырып, көңіл көтеретін орында спирттік ішімдіктерді ішкен. Ақтау қаласы ПБ кезекшісінің 102 тетігіне олардың шу көтеріп жатқандары туралы қоңырау келіп түскен.

11-ықшамауданда орналасқан «Оранж» кафесінде қастарында заңды өкілдері жоқ Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 оқушысының жүргені анықталды. Белгілі болғаны, кәмелетке толмаған оқушылар ішімдік ішкен. Тәртіп бұзушылардың барлығы Маңғыстау облысы ПД ЖПҚ-на жеткізілді. Ата-аналары шақыртылып, әкімшілік хаттамалар толтырылып, оқушылар есепке қойылды» делінген сәрсенбідегі хабарда.

Осы іс бойынша жиналған материалдар Ақтау қаласының әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау бөліміне жіберілетін болады.

«Кәмелетке толмағандар тарапынан заңға қайшы әрекеттерге жол бермеу мақсатында Ақтау қаласы ПБ-ның ювеналды полиция қызметкерлері білім беру мекемелерінің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарларымен бірге түнгі рейдтік шаралар жүргізеді», - деді полицейлер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары