Бостондағы терактіні тергеуге кедергі келтіруде кінәлі деп танылған Азамат Тәжаяқовқа қатысты шығарылған үкім 16 қазанда жарияланатын болады, деп хабарлайды РИА Новости Boston Herald агенттігіне сілтеме жасай отырып.
АҚШ-тың алқа Бостонда 2013 жылғы терактіні ұйымдастырды деп айыпталған Джохар Царнаевтың жолдасы Азамат Тәжаяқовты терактіні тергеуге кедергі келтіруде кінәлі деп танып,Тажаяқов сот төрелігіне кедергі келтірді және осы мақсатта қылмыстық келісімде болды деп айыпталуда.
Басылымның жазуынша, ақтық шешім қазанның 16-сы күні шығады. Boston Globe басылымы Азамат Тәжаяқовқа тергеуге кедергі келтіргені үшін ең ауыр 20 жылдық түрме жазасы, сөз байласқаны үшін 5 жылға дейін абақты жазасы кесілуі мүмкін екенін жазады.
Тергеу деректері бойынша, Қадырбаев пен Тәжаяқов жарылыстан кейін Царнаевтың бөлмесінен оның ноутбугі мен фейерверктер салынған рюкзагін алып кетіп, жоюға тырысқан, рюкзак кейін қоқыстан табылған.
Еске сала кетсек, аталған оқиға 2013 жылдың сәуірінде Бостонда марафон өткізу кезінде орын алды. Екі жарылыстың салдарынан үш адам қаза болып, 260-тан астамы жарақат алды. Бұл істе ағалы-інілі Царнаевтар күдіктелуде. Царнаевтан басқа, бұл іске оның екі досы - Қазақстан азаматтары Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаев және америкалық Робер Филиппостың қатысы бар деп күдіктелуде.