$ 449.58  486.94  4.86

Алматы облысында бір көліктен заңсыз ауланған 730 келі балық тәркіленді

Көліктегі балықтар тәркіленіп, тиісті қабылдау орындарына өткізілді. Одан түскен қаражат мемлекет пайдасына аударылады.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Полицейлер Алматы облысының Ескелді ауданының аумағында «Фольксваген Транспортер» шағын автобусын тоқтатқан. Сонда жүргізуші өз көлігіндегі 700 келіден асатын балыққа қатысты ешқандай тиісті құжаттар көрсете алмаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ірі көлемдегі балықты заңсыз тасымалдаумен айналысқан браконьерлер оны Текелі қаласында сатуға апара жатқандарын мойындады. Көліктегі балықтар тәркіленіп, тиісті қабылдау орындарына өткізілді. Одан түскен қаражат мемлекет пайдасына аударылады.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта аталған дерек бойынша мемлекетке келтірілген материалдық шығын анықталуда. Тиісті тексерулерден кейін нақты процессуалдық шешім қабылданады.

Жалпы, биыл Алматы облысының аумағында табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 257 дерегі тіркеліп, 3 тоннаға жуық балық тәркіленген. Браконьерлерден 3 қайық пен 121 қылмыс жасау құралы, оның ішінде 30 мылтық табылып, тәркіленген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары