$ 494.87  520.65  4.91

Атырауда бюджет қаражатын жымқырған шенеуніктер сотталды

Сотталған лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айрылды.

Атырау облысы мәдениет саласының бірқатар лауазымды тұлғалары аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін Атырау облысының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бұрынғы басшысы С. Сабырға, Н. Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясының бұрынғы директоры Ғ. Дүйсенғалиевке, басқарманың бухгалтерлік есеп, есептілік және қаржы-экономикалық қызмет бөлімінің бұрынғы басшысы А.Рахматулинаға және бұрынғы бухгалтер Г.Самариденоваға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

«Сабыр және басқалар лауазымын асыра пайдалану және мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізу сылтауымен үлестес тұлғалар арқылы қолма-қол ақшаға аудару арқылы сеніп тапсырылған бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқыру бойынша күдікті деп танылды. 16 наурызда Атырау қалалық №2 сотының үкімімен Сабыр 7 жылға сотталды, Дүйсенғалиевтің 7 жылға бас бостандығы шектелді. Самариденова мен Рахматулина жазаны өтеуді 5 жылға дейін кейінге қалдыртын болды. Олар 7 жылға бас бостандығынан айрылды» - делінген хабарламада.

Сотталған лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айрылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары