23.03.2020, 20:25

Елордада 50 мың теңгеге жолсызбен жолаушы тасымалдаған жүргізуші ұсталды

фото: uralskweek.kz
Полиция қызметкерлері елде төтенше жағдай жарияланғанына қарамастан, осындай заңсыз әрекетке барған жүргізушілерді анықтауды жалғастырады.

30 жастағы жүргізуші Нұр-Сұлтан маңындағы қадағалау бекетін айналып өтіп, жолаушы тасымалдаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сағат 17:30-да Қарағандыға баратын дала жолында Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны ұсталды. Ол Renault Logan маркалы көлігімен қадағалау бекетін айналып өтіп, 50 мың теңгеге жолаушы тасымалдаған.

«Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 476-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс Нұр-Сұлтан қаласындағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді. Оның көлігі арнайы автотұраққа қойылды», – делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері елде төтенше жағдай жарияланғанына қарамастан, осындай заңсыз әрекетке барған жүргізушілерді анықтауды жалғастырады.

Тегтер: Нұр-Сұлтан