Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған бойжеткен полицияға жеке бас мәліметтерінің тарап кетуіне қатысты шағым түсірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Арызданушының айтуынша, оның коронавирус жұқтырғаны туралы дерек WhatsApp желісі арқылы тарап кеткен. Науқастың аты-жөні, туған жылы, тіпті, тұрғылықты пәтеріне дейін нақты көрсетілген хабарлама қызметтік ақпаратқа тән ресми стильде жазылған.
«Бұл факт «Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты және ҚР Жеке деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.