$ 494.87  520.65  4.91

Семейдің пробация қызметінде Қазақстандағы алғашқы онлайн сот өтті

Материалды онлайн режимде қарау нәтижесі бойынша пробация қызметінің ұсынымы қанағаттандырылды.

Шығыс Қазақстан облысында СОVID-19 вирусының таралуына жол бермеу үшін сот отырысы онлайн режимде өтті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Елде шиеленіскен жағдайды ескере отырып, сот органдары сот отырыстарын қашықтықтан онлайн режимде, яғни қолжетімді мессенджерлер арқылы бейнебайланыс құралдары бойынша өткізуге шешім қабылдады. Осыған байланысты, Семей қаласы Әуезов ауданының пробация қызметі «Бас бостандығын шектеу» санаты бойынша есепте тұрған сотталған О-ға қатысты материалды видео-конференция арқылы қарады.

Осы материалды онлайн режимде қарау нәтижесі бойынша пробация қызметінің ұсынымы қанағаттандырылды. Сотталғанға үкім заңды күшіне енгенге дейін бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеудің екі күні үшін бір күн есебінен күзетпен ұстау уақыты жаза мерзіміне жатқызылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары