$ 449.3  489.69  4.89

Нұр-Сұлтанда көптеген азық-түлік дүкендерінің басшылары санитарлық нормаларды сақтамаған

22-29 наурыз аралығында 100-ден астам кәсіпкер жауапкершілікке тартылған.

Бүгінде елордалық полиция мен әкімдік қызметкерлері, еріктілер бірлесіп, азық-түлік дүкендері басшыларының санитарлық нормаларды сақтауын қадағалау бойынша рейдтер жүргізуде, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Stan.kz-ке сілетеме жасап.

Бірқатар басшыларға маскалардың, санитайзерлердің болмауына байланысты, карантин кезінде тыйым салынған қызметті жүзеге асырғаны үшін ескерту беріліп, айыппұл салынды.

22-29 наурыз аралығында 100-ден астам кәсіпкер жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде 98 адамға айыппұл салынса, 5 адам 15 тәулікке қамауға алынды және 9 іс сотта қарастырылып жатыр.

Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмұрзаев хабарлағандай, шағын және орта бизнес, ірі сауда желілері өкілдерінің басым бөлігі санитарлық нормалар мен карантин ережелерін ұстанып жатыр.

«Бұл бізді қуантады, бірақ, заң бұзушыларды анықтау жұмыстары жалғасып жатыр», - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары