Жедел жәрдем қызметіне «терезені сындырып, қолын кесіп алған мас адамға көмек керек» деген хабарлама келген. Оқиға орнына жеткен фельдшер Ақкент шағын ауданының 35 жастағы тұрғынының қолын қарап жатқанда ер адам ашуланып, оны бетінен ұрған, деп хабарлайды nege.kz.
Бұзақы ҚР ӘқбК 73-бабының 1-бөлімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кеше ауданаралық әкімшілік сот оны 5 тәулікке қамау туралы үкім шығарды.
Сондай-ақ, қазір Түрксіб ауданының сотында осыған ұқсас іс қаралып жатыр. Мұнда да мас адам көмек көрсетуге келген медициналық қызметкерді соққыға жыққан. Басынан жарақат алған дәрігер ауруханаға жатқызылды.