$ 443.44  480.51  4.88

«Полиция көлігінің терезесін сындырды»: оралдық блогердің үстінен екі бап бойынша іс қозғалды (ВИДЕО)

Бұл оралдық блогер және белсенді Аслан Сагутдинов былтыр мамырда қаладағы Абай алаңына бос плакат ұстап шығу арқылы танылған болатын.
фото: vlast.kz
фото: vlast.kz

Оралда штаттық киім киген адамдар белсенді Аслан Сагутдиновты ұстап, полиция бөлімшесіне апарды. Блогердің айтуынша, оны дүкенге бару үшін шыққан кезде ұстаған, деп жазады «Жас Алаш» газеті.

Белсенді facebook парақшасына полицейлердің ұстау сәтінен видео жариялады. Кадрда оның «Нива» көлігі мен штаттық киімдегі екі адамның қасында тұрғаны көрінеді. Белсендінің сөзінше, полицейлер аты-жөндерін айтпаған.

«Білмеймін, маған ештеңені түсіндірмейді. Мүмкін, карантин ережелерін бұзған шығармын. Мүмкін, мені қазір алып кететін шығар», - дейді видеода сөйлеген Аслан Сагутдинов.

Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті Сагутдиновтің полиция бөлімшесіне әкелінгенін растады. Департамент өкілдерінің айтуынша, олар блогерді бөлімшеге «Ұсақ бұзақылық» бабымен (434-бап) қозғалған әкімшілік іс бойынша жеткізген.

«Дана Дүйсекенованың (жергілікті «Пульс города» аймақтық басылымының қызметкері, бұрын блогер Айболат Бөкеновті сотқа берген, кейінірек Аслан Сагутдиновті «ар-намысын қорлағаны үшін» сотқа берген, қазір қылмыстық іс қозғалған) шағымы бойынша қозғалған іс бойынша, Сагутдинов бөлімшеге жеткізілді. Істің мерзімі аяқталып келеді, сондықтан оны әкелу қажет болды», - деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Болатбек Белгібеков.

Оның айтуынша, бұған дейін белсенді бұл өндіріс бойынша бөлімшеге шақырылмаған және шақыру қағазы да берілмеген. Ал Қазақстан заңнамасына сәйкес, полицияға келуден бас тартқан жағдайда ғана азаматтарды күштеп әкелуге болады. Белгібеков полиция қызметкерінің талабына бағынбағаны үшін Сагутдиновтің үстінен әкімшілік іс қозғалады.

«Ол полиция қызметкерлерінің көлігінде отырған кезде көлік терезесін сындырды. 667-бап бойынша («Полиция қызметкерінің талабына бағынбау») хаттама толтырылады», - деді Белгібеков.

Еске сала кетсек, бұл оралдық блогер және белсенді Аслан Сагутдинов былтыр мамырда қаладағы Абай алаңына бос плакат ұстап шығу арқылы танылған болатын. Оны полиция ұстап, бөлімшеге жеткізіп, кейін босатқан. Ол туралы жергілікті және халықаралық БАҚ жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары