$ 494.87  520.65  4.91

Шідертідегі бекетте полицей жүргізушіден темекі алатын ақша сұраған

«Бұл – төтенше жағдай жарияланғалы бері полиция қызметкеріне қатысты тіркелген алғашқы заңбұзушылық», - дейді облыстық ПД басшысының орынбасары.
фото: kstnews.kz
фото: kstnews.kz

Еліміздегі бақылау-өткізу бекеттерінің бірінде жүк көлігінің жүргізушісінен ақша сұраған полиция қызметкері жауапқа тартылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Павлодар облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жүк көлігі Германиядан Семейге жол тартып, Екібастұз өңіріндегі Шідерті блок-бекетінен өтпекші болған. Бейнетүсірілімде тәртіп сақшысы транзиттік жүк көлігінің жүргізушісіне жақындап, темекі сатып алуға ақша сұраған.

Полиция департаменті бұл оқиғаның болғанын растады. Қазір әріптестерінің әрекетіне қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 449-бабы бойынша іс қозғалған.

Бүгінде өңірде төтенше жағдай режимін бұзудың 178 дерегі тіркелген. Оның ішінде 40-қа жуық азамат 15 тәулікке дейін қамауға алынып, 100-ден астам адамға айыппұл салынған. Сонымен қатар, бақылау-өткізу бекеті арқылы заңсыз өту бойынша екі заңбұзушылық анықталған.

«Бұл дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізілді. Енді тәртіптік комиссияның отырысы өтеді. Қызметкерді жұмыстан шығару мәселесі көтеріледі. Сонымен қатар, полицейдің бұл әрекетіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылады.

Бұл – төтенше жағдай жарияланғалы бері полиция қызметкеріне қатысты тіркелген алғашқы заңбұзушылық», - дейді Павлодар облыстық ПД басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары