$ 494.87  520.65  4.91

Әйелінің компаниясына 23 миллион теңге аударған ауыл әкімі жұмыстан шығарылды

Қылмыстық істі тергеу барысында М. Иманбаевтың іс-әрекетінде мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар бар екені анықталды.
фото: 24.kz
фото: 24.kz

Жамбыл облысында Құлан ауылдық округінің әкімі мемлекеттік сатып алу кезінде әйеліне тиесілі компаниямен 23 миллион теңгеге келісімшарт жасасқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің облыстық департаменті берген мәліметке сәйкес, Құлан ауылдық округінің әкімі М. Иманбаевқа қатысты жымқыру фактілерімен қылмыстық іс тергеліп, оның іс-әрекетінде қылмыстық құрамы болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылған болатын.

Алайда, қылмыстық істі тергеу барысында М. Иманбаевтың іс-әрекетінде мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар бар екені анықталды. Атап айтқанда, М. Иманбаев Құлан ауылдық округінің әкімі болып тағайындалғаннан кейін, «А» ЖШС-мен бір көзден мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарттар жасасқан. Бұл серіктестіктің жалғыз құрылтайшысы М. Иманбаевтың жұбайы екендігі анықталды.

Осыған орай, ҚР ҚК-нің 200-бабының талаптарына сәйкес, Мемлекеттік қызмет істері агентігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің әдеп жөніндегі кеңесіне ұсыну енгізілген болатын. Осы ұсыныс Әдеп жөніндегі кеңесінде қаралып, нәтижесінде М. Иманбаев ҚР Мемлекеттік қызметі туралы Заңының 50-бабы 1-бөлігі 2, 4 және 5 тармақтарын бұзғаны үшін атқарып отырған лауазымынан босату туралы шешім қабылданды», - дейді департаменттің тергеу басқармасының тергеушісі Дәурен Сәбиев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары