$ 498.34  519.72  4.85

Елорда іргесінде ТЖ тәртібіне бағынбай, полицияға күш қолданған ерлі-зайыптылар жазаға тартылды

Полиция департаментінің мәліметінше, ол оқиға «Лесная поляна» тұрғын үй кешеніндегі №26 үйдің ауласында болған.

Төтенше жағдай кезінде полицияға қарсылық танытқан Қосшы ауылының тұрғыны уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат, Ақмола облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция департаментінің мәліметінше, ол оқиға «Лесная поляна» тұрғын үй кешеніндегі №26 үйдің ауласында болған.

Полиция қызметкері аталмыш елді мекенді патрульдеу кезінде балалардың ойын алаңында жүрген әйелді көрген. Қосшы ауылында эпидемиологиялық жағдайдың күрделі болуы және карантиндік режимнің енгізілгеніне қарамастан, әйел жас баласымен далада серуендеп жүрген. Тәртіп сақшысының карантиндік режим уақытында үйге бар деген талабын елемеген әйел азаматтық некедегі күйеуін шақырған.

Ер адам полиция қызметкеріне қарсылық танытып, жұдырық ала жүгірді. Ол аздай, оның үлкен ұлы мен бейтарап өтіп бара жатқан ер адам да төбелеске араласты.

«Қосшы аулының 39 жастағы тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау оқшулағышына қамалды. Оның үстінен ҚР ҚК-нің 380-бабы бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. Ал оның азаматтық некедегі 38 жастағы әйелі ҚР ӘҚбК-нің 476-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.

Сонымен қатар, бейтарап өтіп бара жатып оқиғаға араласып, полиция қызметкеріне күш қолданған үшінші ер адам да іздестірілуде», - дейді ведомстводан.

Тағы оқи отырыңыз: «Бетімен кеткен адамдар»: тәртіпке бағынбаған тағы біреулер полициямен жағаласып жүр (ВИДЕО)

Осы ретте, Ақмола облыстық ПД бастығы Арманбек Баймурзин өңір тұрғындарына төтенше жағдай режимін бұзуға жол берілмейтінін ескертуде.

«Шектеу режимін барлығымыз ұстануымыз керек. Полиция қызметкерлері көшелерді патрулдеп, тұрғындардың карантин режимін сақтауын қамтамасыз етеді. Біздің барлық күшіміз және әрекетіміз азаматтарымыздың қамына қарсы бағытталмаған», - деп түсіндірді ПД бастығы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары