Белгілі журналист және қоғам қайраткері Арман Шораев ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Азамат А.Т. Шораев бірнеше рет әлеуметтік желілер арқылы жалған мәліметтерді таратқан. Өз әрекеттері салдарынан Арман Шораев төтенше жағдай кезінде қоғамдық тәртіпті бұзды және қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіретін қауіп төндірді», - делінген Алматы қаласы Полиция департаментінің хабарламасында.
Арман Шораев – ҚР Президенті жанындағы БАҚ (ақпараттық саясат) жөніндегі Қоғамдық кеңестің бұрынғы мүшесі. Ол 2006 жылы – «Хабар» Агенттігі» АҚ Бас директорының орынбасары, 2006-2007 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы, 2007-2014 жылдары – «Коммерциялық телевизиялық арна» АҚ бас директоры болған.