Атырауда деструктивті діни ағым өкілдері карантин режимін бұзған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Департамент мәліметінше, Атырау қаласының 2 тұрғыны төтенше жағдай кезінде күшейтілген карантин режимін бұзып, жеке көліктерімен адам тасымалдаумен айналысқан.
«Деструктивті діни ағымды ұстанушы екі азаматтың бірі бұрын тонау және ұрлық қылмыстары үшін сотталған. Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 476-бабымен хаттамалар толтырылып, құжаттар сотқа жолданды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.