Атырау облысының аумағында деструктивті діни ағымды ұстанушылар 10-нан аса қылмыс жасаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жат ағым өкілдерінің бөтеннің мүлкін ұрлау, заңсыз балық аулау, бопсалау, ұрып-соғып, денеге жарақат салу, қасақана ауыр дене жарақатын келтіру сынды қылмыстарға қатысы бар.
«Жыл басынан бері оннан астам қылмысты тергеу барысында олардың жалпы құны 2 миллион теңге көлемінде материалдық залал келтіргені анықталды. Сондай-ақ, деструктивті діни ағым ұстанушылары тарапынан төтенше жағдай режимін бұзу фактілері де тіркеліп отыр. Әрбір факті бойынша қылмыстық және әкімшілік жаза жүргізілуде», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс-жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.