$ 494.87  520.65  4.91

Қызылордада қызметтік автокөлікте ұйықтаған екі полицей жұмыстан шығарылды (ВИДЕО)

Сонымен қатар, қызметкерлердің тікелей басшыларына қатаң тәртіптік жаза қолданылды.

Қызылордада бүгін әлеуметтік желі беттерінде кеңінен талқыланған қызметтік автокөлік ішінде ұйықтап жатқан екі полиция қызметкері жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш видео бүгін, 14 мамырда әлеуметтік желілерге тарады. Онда қызметтік автокөлік ішінде ұйықтап жатқан екі полиция қызметкері көрсетілген.

«Аталған бейнежазба бойынша Қызылорда облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы тексеру жұмыстарын жүргізді. Жедел түрде департаменттің тәртіптік кеңесінде әдеп кодексінің талаптарын бұзған екі қызметкердің және оларға тікелей жетекшілік жасайтын басшыларының жауапкершілігі қаралды.

Тәртіптік кеңес шешімімен Қызылорда қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөліміне қарайтын патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторлары ішкі істер органдарынан шығарылды. Сонымен қатар, қызметкерлердің тікелей басшыларына қатаң тәртіптік жаза қолданылды», - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық Полиция департаменті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары