«Бәйтерек» холдингі тағы ірі көлемдегі жемқорлық дауына ілікті. Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі қазір бірқатар лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Әңгіме 200 миллион теңгеге жуық қаражаттың қолды болуына қатысты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Агенттіктің Нұр-Сұлтан қалалық департаменті холдингтің бірнеше лауазымды тұлғасы мен басқа да шенділерді тергеуге алған. Жоспар бойынша, Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік бизнес үлгісін қайта құру бойынша кеңес беру қызметтерін пайдаланбақшы болады.
Бұл агенттік «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингіне қарайды. Холдинг өкілдері сол үшін бөлінген 197 миллион теңге бюджет қаражатын қалтаға басты деген күдікке ілігіп отыр.