Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай мәселелері бойынша заңға өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төтенше жағдай мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады", - делінген ресми хабарламада.
Заң қабылданғаннан кейін билік төтенше жағдай кезінде жеңілдетілген тәртіппен шешім қабылдай алады.