$ 494.87  520.65  4.91

Ақмола облысында есепшінің ЭЦҚ арқылы ақша ұрлағаны әшкереленді

Ол өзінің карточкасына 979 499 теңге бюджет қаражатын негізсіз аударған.
фото: stan.kz
фото: stan.kz

Ақмола облысында басшысының ЭЦҚ-ын пайдаланған есепші бюджет қаражатын ұрлаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сотқа дейінгі тергеу шарасы барысында Зеренді ауданы әкімдігінің жанындағы мекемелердің бірінің бухгалтері басшысының электронды-цифрлық қолтаңбасын пайдалану арқылы бюджет қаражатын ұрлағаны анықталды.

Ол өзінің карточкасының есеп-шотына жалақысы және ілеспе табыс түріндегі ақшалай қаражат, жалпы сомасы 979 499 теңге бюджет қаражатын негізсіз аударған. Қылмыстық қудалау органы қабылдаған түпкілікті шаралардың нәтижесінде, ұрланған қаржы мемлекет кірісіне өтелді.

Осы қылмысы үшін сот бухгалтерді 2 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына кесті», - дейді департамент өкілдері.

Ведомстводан атап өткендей, онлайн мәжілісте ҚР ҚПК 200-бабы тәртібінде қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен жағдайларды жою жөніндегі ұсыныстар талқыланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары