$ 447.4  477.55  4.76

Биылғы 4 айда Алматыда жүрген шетелдіктер 117 қылмыс жасаған

«Қылмыстың ең көбін Өзбекстан Республикасының азаматтары жасаған», – деді Полиция департаментінің басшысы.
фото: osken-onir.kz
фото: osken-onir.kz

Алматыда шетелдіктер 100-ден астам қылмыс жасаған. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әкімшілік тәртіппен 166 шетелдік азамат елден шығарылды. Сонымен қатар, 57 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 47 миллионнан астам айыппұл салынды.

Төрт ай ішінде шетелдіктер жасаған 117 қылмыс тіркелді. Қылмыстың ең көбін Өзбекстан Республикасының азаматтары жасаған», – деді Қанат Таймерденов.

Бұған дейін, департамент басшысы Алматыда тұрғын үй аулаларындағы тәртіпті қаладағы патруль қызметкерлерінің тең жартысы қадағалайтынын айтқан болатын. Сондай-ақ, жыл соңына дейін мегополисте «Сергек» бейнебақылау камераларының тағы 380-і орнатылатыны хабарланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары