$ 494.87  520.65  4.91

Атырау облысында кейінгі 4 күнде 300-ге жуық құқық бұзушылық жасалған

Олардың 30-ға жуығы отбасының тыныштығын бұзса, 38-і ішімдік ішіп, қоғамдық орындарда мас болып жүрген.
фото: baigenews.kz
фото: baigenews.kz

Атырау облысында 4 күннің ішінде 300-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департамент 20-23 мамыр аралығында «Есеп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізген. Іс-шараның мақсаты – ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрғандар тарапынан жасалған құқық бұзушылықтарды анықтау, оның алдын-алу.

«Полиция қызметкерлері есепте тұрған азаматтарды тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеріп, азаматтармен профилактикалық жұмыстар жүргізді. Аталған іс-шара кезінде 300-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Олардың 30-ға жуығы – отбасының тыныштығын бұзғандар. Ал 38-і ішімдік ішіп, қоғамдық орындарда мас күйінде жүрсе, 20-дан астам азамат ұсақ бұзақылық жасаған», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары