$ 494.87  520.65  4.91

Карантин: Көкжайлауда көңіл көтерген жастарға айыппұл салынды

Карантин режимінің алынбағанына байланысты, Алматыда 8 экологиялық пост арқылы Іле Алатауы ұлттық паркі территориясына өтуге тыйым салынған.

Алматыда карантинге қарамастан, Көкжайлау шатқалында кеш ұйымдастырған жастар жазаланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Карантин режимінің алынбағанына байланысты, Алматыда 8 экологиялық пост арқылы Іле Алатауы ұлттық паркі территориясына өтуге тыйым салынған. Алайда, Ұлттық парк аумағы үлкен болғандықтан, адамдар Просвещенец, Горельник, Аққайың, Кімасар асулары арқылы да келеді. Бұл жолдарды ұлттық парк қызметкерлері бақылай алмайды», - деді министрліктің баспасөз қызметі.

Одан бөлек, Көкжайлау территориясына Казачка шатқалы арқылы да өтуге болады. Бұл жерде Казачка, Алма-Арасан, Көкшоқы ауылдары, 5 мың адам тұратын Арасан саяжайы орналасқан.

Бұл ретте, видеоға түсіп қалған 888 SAB 02 нөмірлі көліктің жүргізушісіне әкімшілік айыппұл салынған.

«Іле Алатауы ұлттық паркінің инспекторлары жүргізушіні ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы Кодексі 367-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік жазаға тартып, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салды», - деп хабарлады ведомстводан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары