$ 447.4  477.55  4.76

Нұр-Сұлтан қаласында есірткі өндіретін жасырын зертхана әшкереленді

Оның «қара» нарықтағы құны – 30 миллион теңге.

Елордада 23 жастағы тұрғынның синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертханасы әшкереленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Полиция қызметкерлері «жылдамдық» және «Мефедрон» секілді есірткінің өндірісін жолға қойған азаматты ұстады. Ол өнімді интернет арқылы және қолма-қол сатқан.

Заңсыз айналымнан алынған есірткі шамамен 1600 бір реттік мөлшерді құраған. Оның «қара» нарықтағы құны – 30 миллион теңге.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары