Елордада 23 жастағы тұрғынның синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертханасы әшкереленді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Полиция қызметкерлері «жылдамдық» және «Мефедрон» секілді есірткінің өндірісін жолға қойған азаматты ұстады. Ол өнімді интернет арқылы және қолма-қол сатқан.
Заңсыз айналымнан алынған есірткі шамамен 1600 бір реттік мөлшерді құраған. Оның «қара» нарықтағы құны – 30 миллион теңге.