$ 494.87  520.65  4.91

Кортежбен ойқастаған маңғыстаулық мектеп түлектері жазаға тартылды

Тәртіп сақшылары әрқайсысына 27 мың теңге көлемінде айыппұл салды.
фото: видеодан скриншот
фото: видеодан скриншот

Маңғыстау облысында мектеп бітірушілер мінген кортеж жүргізушілері жазаланды. Жаңаөзен мен Маңғыстау ауданында жол ережесін өрескел бұзған 16 азаматқа айыппұл салынып, көліктері айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Соңғы қоңыраудан кейін түлектер карантин кезінде мектеп бітіргенін осылай атап өтпекші болған екен. Яғни, көлікке мінгескен жастар жол ортасында ойқастап, кейбірі терезеден шығып алған.

Осы қуанышты сәттерін өздері таспаға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған. Алайда, көңілді қыдырыстың соңы әкімшілік жазамен аяқталды. Тәртіп сақшылары әрқайсысына 27 мың теңге көлемінде айыппұл салды.

«Ереже бұзған жүргізушілер 18-25 жас аралығында. Оларға екі бап бойынша айыппұл салынды. Қауіпсіздік белдігін тақпаған және көлікті құжатсыз басқарғандары үшін жауапқа тартылды. Яғни, кейбірінде сақтандыру полисі немесе жүргізуші куәлігі болмаған», - дейді Маңғыстау облыстық ПД баспасөз хатшысы Айгерім Ибатуллаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары