$ 494.87  520.65  4.91

Рейд: Алматыда 42 нысанның карантин талаптарын бұзғаны анықталды

Ережені негізінен қоғамдық тамақтану орындары бұзып отыр.
фото: zakon.kz
фото: zakon.kz

Арнайы мониторингтік топ қала бойынша рейд жүргізіп, 42 нысанның карантин талаптарын бұзғанын анықтаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кәсіпкерлік басқармасы, Санитарлық және эпидемиологиялық қызмет пен әкімдік өкілдерінен тұратын мониторингтік топ қаладағы жағдайды тексеру барысында 42 нысанның карантин ережесін бұзғанын анықтаған. Ережені негізінен қоғамдық тамақтану орындары бұзып отыр.

«Алатау ауданында – 4 нысан, Алмалы ауданында – 10, Әуезов ауданында – 4, Бостандық ауданында – 13, Медеу ауданында – 10, Түрксіб ауданында – 1 нысан ереже бұзған.

Бұл нысандардың барлығына эпидемияға қарсы қаулы тағы да таныстырылды. Сонымен қатар, хаттама толтырылып, әкімшілік айыппұл салынған», - деп жазылған хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары