$ 494.87  520.65  4.91

ШҚО түрмелерінде кеспе мен шай қаптамасына жасырылған телефондар тәркіленді

Тіпті, «Қазпошта» АҚ филиалы арқылы қамаудағы адамға жіберілген сәлемдеме ішінен тосаптың ыдысына салынған есірткі табылған.
фото: kt.kz
фото: kt.kz

Шығыс Қазақстан облысында «Тексеру» алдын алу іс-шарасын өткізу барысында түрмеге тыйым салынған заттарды өткізудің 5 фактісі анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, жергілікті Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, 40 жастағы азамат ОВ 156/20 ерекше режимдегі түзеу мекемесіне «Asu» су бөтелкесіне алкоголь құйып алып өтпек болған.

«Келушінің жеке заттарын тексеру кезінде ОВ 156/20 мекемесінің қызметкерлері 1 литр көлеміндегі бөтелкені тапты. Минералды судың бөтелкесіне алкоголь құйып алған азамат оның ауызсу екеніне сендірмек болды. Алайда, бөтелкеден алкогольдің ерекше иісі шыққан. Сұйықтықтың құрамын анықтау үшін тәркіленген зат сараптамаға жіберілді», - деді ведомстводан.

Тағы бір факті ШҚО бойынша ҚАЖД-ның ОВ-156/1 тергеу изоляторында болды. «Қазпошта» АҚ филиалы арқылы қамаудағы адамға жіберілген сәлемдеме ішінен тосаптың ыдысына салынған есірткі табылды. Мекеме қызметкерлері айыпталушының көзінше 0,5 литр пластик ыдыстағы тосаптан ерекше иісі бар өсімдік тектес жасыл түсті затты алып шықты. Ол сараптамаға жіберілді.

Сонымен қатар, осы мекеме айналасындағы 50 метрлік тыйым салынған аумақта күдікті азамат ұсталды. Мекеме қызметкерлері одан 2 ұялы телефон тауып, тәркіледі. Өзінің айтуынша, ол телефондарды сотталғандар үшін қоршаудан лақтырмақ болған.

Бұдан бөлек, ШҚО бойынша ОВ 156/15 қатаң тәртіптегі мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматқа сәлемдеме келген. Тексеру барысында «Роллтон» тез дайындалатын кеспесінің ішінен «SAMSUNG» маркалы ұялы телефон табылған.

Осындай дерек ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/18 мекемесінде болды. Онда ұялы телефон «Сафари» маркалы шайдың қорабына жасырылған. Аталған деректер бойынша ҚР ӘҚБтК 481-бабының 1-бөлігіне сәйкес, барлық азаматты әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін материалдар жиналды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары