Осы жылдың 16 маусымында Қарағанды облысы қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері арнайы жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Қарағанды қаласының екі тұрғынын жалған кәсіпорындар шотынан 146 млн. теңге алу кезінде ұстады, Skifnews.kz.
Екінші деңгейлі банктерінің бірінің территориясында қолға түскен қылмыс жасаушылар «Гауһар Сити» және «Шыңғыс Маркет» ЖШС шотынан ақша алмақ болған.
Бүгінгі күні қызмет көрсету және тауар жеткізу бойынша жалған бухгалтерлік есептерді жүзеге асыру мақсатында басқа тұлғалардың атына жалған кәсіпорындарды тіркеп және жалған кәсіпорындардың қызметін жүзеге асырған қылмыстық топтың 6 мүшесі анықталды.
Одан бөлек, алынған сомадан 4 пайыз көлемінде сыйақы алу фактісі де белгілі болып отыр.Облыстық салық департаментінің алдын ала қорытындысы бойынша, жоғарыда аталған жалған кәсіпорындардың заңсыз қызметінің нәтижесінде бюджетке 9,5 млрд. теңгеден астам қаражат түспеген.2012 жылдан бастап 2014 жылға дейін аталған ЖШС-лар ондаған кәсіпорындармен жалпы сомасы 30 млрд, теңгеге өзара есеп айырысқан.
Аталған жайтқа байланысты, 16 маусым күні ҚР ҚК 192-бабы, 2-бөлігі, «б» тармағы бойынша (жалған кәсіпкерлік) 3 қылмыстық іс қозғалды.
18 маусымда сот санкциясымен топтың 3 мүшесі тұтқындалды.
Қазіргі уақытта аталған қылмыстық топтың басқа мүшелерін анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар мен тергеу жүргізілуде.