27.06.2020, 00:35

Қызылордалық шенеуніктер медицинаға бөлінген 98,2 миллион теңгені жеп қойған

фото: tengrinews.kz
Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының лауазымды өкілдері 98 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікке ілініп отыр, деп хабарлайды bairaq.kz.

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Олар 2019 жылы 98,2 миллион теңге сомасындағы бюджет қаражатын бірқатар жеке компаниялардан медициналық мақсаттағы бұйымдарды инфляцияланған бағамен сатып алу арқылы жымқырды деген күдікке ілінді.

Түпкілікті шешімді сот шығарады.