$ 494.87  520.65  4.91

Bek Air ұшағы апатқа ұшыраған жер шенеуніктерден тұратын қылмыстық топтың қолында болған

Жалпы ауданы 12,733 га жер учаскесі 191 адамға сатылған. Осылайша, мемлекеттің мүддесіне зиян келді. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Алматы облысы әкімінің бұрынғы орынбасары мен бірқатар басқа да экс-шенеуніктер ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар деп күдіктелуде, деп хабарлайды ҚазТАГ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

«Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл қызметі Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің бұрынғы орынбасарына, «Талғар ауданы Панфилов ауылдық округі» ММ бұрынғы бас мамандарына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары бастады», - делінген жұмада таратылған хабарда.

Тергеу нұсқасы бойынша, 2015-2019 жылдары бұл адамдар Панфилов ауылдық округінің бұрынғы әкімінің басшылығымен Талғар ауданының Қызылту ауылы мен әуежай маңынан мемлекеттік қордағы жер учаскелерін заңсыз тәркілеген.

Жалпы ауданы 12,733 га жер учаскесі 191 адамға сатылған. Осылайша, мемлекеттің мүддесіне зиян келді. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Еске сала кетсек, 2019 жылғы 27 желтоқсанда таңертеңгі сағат 7.22-де Bek Air әуе компаниясының Алматы-Нұр-Сұлтан бағытындағы № Z2100 рейсі ұшу кезінде биіктігін жоғалтып, бетон қоршауды бұзып өтті. Екі қабатты ғимаратпен соқтығысу болғаны мәлім.

Апаттан кейін басталған тексерулер нәтижесінде, Bek Air әуекомпаниясында да, Алматы әуежайының маңындағы жер қатынастарында да көптеген заң бұзушылықтар анықталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары